Categories: Шолу

Тамақтану орындары жабылып, ҰҚК-де билік ауысады. 28 шілде

Кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтың босатылуы, көпқабатты үйдегі өрт және 60 мың қоғамдық тамақтандыру орындарына төнген қауіп әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

10 маусым күні Алматыда орын алған қайғылы оқиға енді ғана полиция департаментінде жарияланды. Бостандық ауданында скутерде кетіп бара жатқан жас қыз кенеттен ашылған көліктің есігіне ұрылып көз жұмған. Оқиға көпшіліктің наразылығын тудырды. Олардың басым бөлігі электрлі самокатпен жүруге шектеу қойғанын қалайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде кәсіпкер көп балалы аналардың соққысына жығылған. Бұл бейнежазба барлық БАҚ, әлеуметтік желі мен месенджерлерде кеңінен таралды. Белгілі болғандай белгілі наразылық қауымының өкілдері мемлекеттік мекемеге баспана сұрағы бойынша келіп, өштерін құрылыс саласының кәсіпкерінен алған.

Еліміздің 60 мыңға жуық тамақтану орындары қант бағасының күрт өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын.  Бизнес иелері тапшы өнімді қолжетімді етулерін сұрайды. Олар күзге дейін күте алмайтындарын да мәлімдеді. Себебі ауыл шаруашылығы министрлігі күзде жағдай тұрақталатынына уәде еткен. «Хабар» телеарнасының репортажы көптеген ірі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде облыстық департаменттердің басшылары тағайындалды. Аталмыш жаңалықты желі қолданушылары мысқылдық скептицизммен қабыл алды. Көпшіліктің ойына бірден тыңшы-киллерді тұтқындау  эпизоды сап ете қалды. Олар оны арзан қойылымға теңеген еді.

2012 жылы 21 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкер Қуат Сұлтанбековты  Жоғарғы сот ақтады. Жаңалық БАҚ пен жұртшылықтың назарына ілікті. Ол «Нығматулиндердің жауы» деп танылып осындай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған еді.

Орал қаласында 27 шілдеде 50-ге жуық жергілікті тұрғын ереуілге шығып, оқиға БАҚ та жарияланды. Айтуларынша олар тұрып жатқан үйде Трамадол есірткісі заңсыз, ашық түрде сатылуда. Полиция қызметкерлері есірткі сатушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ресейге барып жаңа туған баласын сатпақшы болған Қазақстандық үш жылға сотталды. Көпшілікті бала саудасы проблемасы ғана емес, жағымсыз әсер  тудыратын ресейлік ықпал сұрағы алаңдатты.

Қазақстанға үшінші елдерден әкелінген, бірақ кеден бақылауынан өтпеген көліктер тәркіленіп, уақытша сақтау қоймаларына жеткізіліп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көліктер шетелдік тауарлар болып табылатынын және олар кедендік бақылауда екенін еске салады. Кедендік ресімдеу ережелерін бопсалау деп санайтын көптеген қолданушылар бұл жаңалықты теріс қабылдады.

Алматыда көпқабатты үй өртенді.  Өрт бірінші қабатта орналасқан мейрамханадан шыққан. Тұрғындар үйлерде орналасқан аталмыш тамақтану орындарының қаптап кетуіне наразылық білдірді. Айтуларынша олар пәтер иелеріне қолайсыздық тудырып, өрт сияқты қауіп төндіреді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago