Categories: Экономика

Валюта алыпсатарлары Ұлттық банктің ойынын ойнап отыр

25 шілдеде теңге депозиттеріндегі пайыздық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін көтерілді. Бұған нақты инфляция көрсеткіші болжамды траекториядан айтарлықтай асып кетуі себеп болды.

Тұтыну бағасының тұрақты құрамдас бөлігі де, жалпы баға деңгейі де өсуде. Үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларындағы инфляция өзінің шарықтау шегіне әлі жетпеді. Жоғары инфляциялық көрсеткіш онсыз да қалыптасқан қысымды арттырады,

делінген Ұлттық банктің ресми сайтындағы хабарламасында

Көптеген тәуелсіз сарапшылардың ойынша 14% базалық мөлшерлеме әлі де шекті көрсеткіш емес. Бірақ, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты комитеті белгілі бір триггер болған жағдайда мұндай шешім қабылдайды. Шілде айында болмады.

DM Technology аналитикалық компаниясының атқарушы директоры, экономист Эльдар Шамсутдинов бұл Қазақстан монетарлық билігінің «Тейлор ережесі» бойынша ойынының классикалық үлгісі деп санайды.

Тиімді экономиканы тоқтату

— Бұл номиналды пайыздық мөлшерлемені анықтайтын ақша-несие саясатының ережесі. Осылайша инфляция сыбысын естіген Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтереді, дейді сарапшы. Қазір біз көріп отырған инфляция бағаның өсуін анықтамайды. Бұл шын мәнінде өте бюджеттік көрсеткіш, соның негізінде АЕК, базалық жалақы, базалық зейнетақы есептеледі. Олар шындықтан өте алшақ. Ал реттеуші осы көрсеткішке тырысып, корпортивтік сектор мен оның несиелендіруін жолдан шығарды. Бұл дегеніміз, іс жүзінде базалық мөлшерлемеге тәуелді емес тұтынушылық несиелер ғана беріледі.

Эльдар Шамсутдинов

Әдетте ірі бизнесті несиелендіру кезінде банктер үшін оңтайлы маржа базалық мөлшерлемемен қоса 4% құрайды. Бұрын Қазақстанның Даму банкіне келетін ірі қарыз алушылар 50-60% және одан да жоғары деңгейде жобаларға өздерінің қатысуын мәлімдеген болса, қазір олар 15-20% келісіп отыр. Олар қаражатын депозитте сақтауды жөн көреді.

– Яғни, базалық мөлшерлеменің өсуі бизнесті несиелендіру процессін қиындатты деп айтуға болады ма?

— Иә, тиімді экономикалық өсім толығымен тоқтап қалды. Оған қоса, БЖЗҚ қалай жұмыс істейтінін ескеру қажет. Оның басым бөлігі Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына салынған. Енді Қаржы министрлігі мөлшерлемелерді тағы да көтеріп, бюджеттен қарыз алударын жалғастырмақшы. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар қайтадан қымбаттайды. Яғни, БЖЗҚ табысқа қол жеткізу үшін ғана бюджет шығындары тағы да артады. Бұл міндетті түрде бір айдың немесе тоқсанның ішінде болатын жағдай.

– Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім қабылдаған кезде де бірінші жартыжылдықта экономика 3,4 пайызға өскенін хабарлады.  Сонда ол басқа нәрселермен қалай үйлеседі?

— Бұл маңызды сұрақ —

Өсімнің тиімділігі бар ма, жоқ па, инфляциядан асады ма, жоқ па? Мен олай ойламаймын. Мен бұл өсімге тіпті мән бермес едім

Жалпы, Ұлттық банктің іс-әрекеті көп жағдайда түсініксіз. Монетарлық билік әртүрлі айла-амалдарды қолданады, олардың сөзіне сенуге мәжбүрміз. Сонымен қатар деректер жоғалып жатады. Мысалы, инфляциялық болжам туралы ақпарат жарияланбады. Кейін кенеттен қысқартылған түрде жариялайды. Бұндай әрекет шынында ашуландырады.

– 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында реттеуші ресми мәлімдемесінде базалық мөлшерлеме бойынша экономика 3,4%-ға өсті, бұл жалпы алғанда жыл соңына дейінгі болжамдарға сәйкес келеді деп жазады. Экономиканың барлық секторлары қарқынды дамып келеді, алайда кейбіреулері тежеліп қалды. Мысалы тау-кен өнеркәсібінің өсімі Қашағандағы жөндеу жұмыстарына байланысты бәсеңдеді. Бұл ретте инфляцияның үдеуіне қарамастан, сауда саласындағы сұраныс тұрақты. Жиынтық сұраныс жыл сайын өсу қарқыны артып келе жатқан мемлекеттік шығындардармен байланысты, маусым айында бұл 18,7%-ды құрады. Яғни, қазір мемлекет өз міндеттемелерін орындауға әлдеқайда көп қаражат жұмсайды ма?

– Жалпы, Парламенттің шешімінсіз бюджет шығыстарын ұлғайту мүмкін емес деуге болады. Біздің бюджетіміз үш жылға арналған.

Әңгіме мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін қолдау шаралары туралы болып отыр деп ойлаймын. Оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Үш жылдың ішінде бюджет қайта қарастырылмады. Мемлекет жоспарсыз қаражатты жылдам жұмсағанымен, соңында бәрібір жоспарланған шығындар сомасына қайта оралады.

Бұл ақпарат монетарлық орган жаңа ешнәрсе ойлап таппай, ескі Тейлор ережесіне негізделіп әрекет ететінінің көрсеткіші.

Курсқа жасалған қысым

— Базалық мөлшерлеменің өсуі  инфляцияның өсуімен түсіндірілді. Шара жағдайға сәйкес пе?

– Инфляцияның өсуіне мұнай сату мен импорт түрткі болғанынан бастайық. Ал біздің валюталық саясатымыздың барлығы дерлік бюджет шығыстарына бекітілген.

Бюджет ешқашан артық болған емес. Ал бұл жағдайда белгіленген экспорттық кедендік баж салығы қайда кетті? Керісінше, мемлекет қарыз алу үшін қажетті шағын тапшылықты және оң несие тарихын үнемі сақтап отырады. Бұл жаман емес. Бірақ неге мұнай бағасы мен валюта бағамының осындай секірістері кезінде біз бюджет тапшылығын үнемі жауып отырамыз? Біз бюджетті қалай басқарамыз? Мұның сыры

Қаржы министрлігі қажет болған жағдайда курсқа қысым жасай алады және электронды сауда алаңында бағам қажетіне қарай біздің пайдамызға ауысады.

– Бұл мемлекеттің валюта бағамына, жалпы экономикаға әлі де ықпал етіп отырғанын білдіре ме?

— Иә. Пайыздық арна механизмін өзгертпес бұрын, алдымен валюта бағамын қалыптастырумен айналысып, мәселені бюджеттеу ережелерімен шешу керек. Өйткені қазір бәрі бюджеттік саясатқа бағынады. Бірақ жүйеге бағынбайтын бизнес соңында қиындыққа тап болады. Бизнес нақты саясатпен жұмыс жасауы керек, кері жағдайда тауарлар мен қызметтер бағасы өседі. Сондықтан бағалар үнемі шарықтауда.

Ұлттық қор және оның рөлі

– Яғни, мұнайға қатысты болып жатқан жағдайға қарамастан, бәрі қымбаттап жатыр ма?

– Иә, бұл аурудың емі бұрыннан ойлап табылған және көптеген елдерде қолданылады. Бұл панацея Ұлттық қор деп аталады. Оның міндеті — артық ақшаны экономикаға кіргізбеу үшін зарарсыздандыру. Бірақ жоғары табысқа қол жеткізген Ұлттық қор қаражатты оңды-соңды шашуға болады деп ойлайды.

2008 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық қордың ақшасына әлемді бағындыру бағдарламаларын жүзеге асыруға кірісті. Осыдан кейін импорт алмастыру белсенді дамып, мемлекеттік бағдарламалар саны артты. Содан бері экономикаға қажеттін көп ақша құйылып келеді.

Мұндағы ең жақсы үлгі – Норвегия. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында олар да импорт алмастыруға сеніп, бәрін қаржыландыруға тырысты. Соңы құлдырауға әкелді. Қазір иморттың ақиқат екенін мойындаған соң, Норвегияда тұрақтылық пайда болды.

Қазақстанда көптеген мәселелер курс арқылы шешіледі. Бұл экономика нашар дегенді білдірмейді. Ал проблемалардың көпшілігін девальвация арқылы шешу де қалыпты жағдай. Бірақ бұл халықтың кірісін құнсыздандырады, осы жағдайда қаражат жинау мүмкін емес.

Өзгерістердің көпшілігі қысқа мерзімді жоспар құрудан басталады. Тіпті бір-екі жыл емес, кейде айлар, апталар

Қазақстанның инфляциясы қалай? Бұл бағаның өсуі емес, бұл тауарлар мен қызметтер жиналатын қоржын, оның негізгі мақсаты өмір сүру құнын анықтау болып табылады. Егер дамыған елдерде инфляция халықтың шығындарын көрсетсе, онда біздің елде бұл Түркияға сапарлар сияқты кейбір ерекшеліктермен шартты күнкөріс деңгейінің бір түрі болып табылады. Бұл тұтыну себеті бағаның өзгеру динамикасын көрсетеді. Деректер жиі өзгереді, бұл еш жерде көрсетілмейді. Мысалы, 2021 жылдың қазан айында инфляцияны есепке алу әдістемесі өзгерді, бірақ бұл туралы ешкім білмейді. Сондықтан инфляцияны бұрмалау қалыпты жағдайға айналып отыр. Ал тұрғындар мен инвесторлар сенуден қалды. Сол себепті болжау кезінде валюта бағамы негізге алынады.

Қазақстан, іздеу желілерінде доллар бағамын күнделікті аңдып отыратындар қатарында

– Қазір инфляция есептерінде азық-түлік, азық-түлік емес және ақылы қызметтерді бөлек қоса бастады.

-Бұл жақсы бастама. Қазақстандағы азық-түлік инфляциясы импортты. Көбінесе Ресейден. Сондықтан рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті. Демек, сырттан жеткізілетін азық-түліктің бәрі қымбаттайды. Неліктен біз бұған жол бердік? Өйткені Ұлттық банк сескеніп қалды.

Яғни, 25 шілдеде базалық мөлшерлемені 0,5%-ға көтеру, Тейлор ережесіне сәйкес, базалық мөлшерлеменің кірістілігін инфляция деңгейінен жоғары етеді. Бұл шара инвесторларды теңгеден қашпай, валюта айырбастаудың қажеті жоқ деп сендіру амалы. Бұны не үшін жасап отырғаны түсініксіз. Шын мәнінде, базалық мөлшерлеме валюталық алыпсатарлардың табыстылығын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Осы уақытқа дейін жағдайдың өзгергенін көрмеппін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

6 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

7 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago