Categories: Оқиға

Жантүршігерлік жол апаты: 11 адам қаза тапты

Батыс Қазақстандағы жантүршігерлік жол апаты қоғамды дүр сілкіндірді. Жол-көлік оқиғасында балалар да қаза тапты.

Мұнайлы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.

«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты,

деп хабарлады қалалық ішкі істер бөлімінде

Екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Фото: lada.kz

Осыдан бір күн бұрын қалада тағы бір жол оқиғасы орын алды. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуының салдарынан бірнеше адам зардап шеккен.

Оралда одан да сұмдық қайғылы оқиға болды.  18 шілде күні түнде айналма тас жолда болған жол апаты бірден 8 адамның өмірін қиды. «Лада» автокөлігінде күйеуі мен әйелі, олардың 10 және 11 жастағы екі баласы, сондай-ақ ұлымен бірге тағы бір отбасы болған. «Лада 11183» көлігінің рулінде болған Серік Макаров Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің жүргізуші-санитары болып жұмыс істеген. Әйелі қарттар үйінде әлеуметтік қызметкер болған.

Жол апатына кінәлі «Nissan Maxima» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі де оқиға орнында көз жұмды.

Жігіттің көлік жүргізу өтілі 2 жыл. Ол бірнеше рет жол ережесін бұзған, оның ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 2 айыппұл салынған. Сот-медициналық сараптама жүргізушінің мас болғанын анықтады,

деді тәртіп сақшылары.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда «Nissan Maxima» автокөлігінің  жүргізушісі басып озу кезінде қарсы бетке шығып кетіп, қарсы беттегі «Лада 11183» автокөлігімен соқтығысқан.

Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы жол апатынан 2,3 мың қазақстандық қаза тауып, 18,1 мыңы жарақат алған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago