Фото: ашық дереккөзден
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин қандай қызметтер автоматтандырылғанын айтты.
Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын.
Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады.
Сондай-ақ ол цифрлық сервистердің түрлері жайлы айтты.
Олар былтыр енгізілсе де халықтың үлкен сұранысына ие болып кетті. Әділет министрлігімен сенімхаттардың (доверенность) 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Бұл жұмыс жалғасуда.
Автокөлікті тіркеудің 55%-ы онлайн форматта жасалады. Бұл Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ортақ жұмысы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ипотеканың 67 пайызы банктерде онлайн тіркеледі. «Электрондық үкімет» әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді,
деді Бағдат Мусин.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…