Суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған жігіт өмір бойы арбаға таңылды

2008 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп, өмір бойы арбаға таңылған Арнұр Ысқақов «Хабар» арнасындағы АйнаLine бағдарламасында қонақ болды. 23 жасында ауыр сынаққа тап болған ол тағдырына риза екенін айтады.

Арнұр қыз баланы құтқара алмаған. Десе де, оқыс жағдай оның өміріне де түбегейлі әсер етті.

Ойнап жүрген қыз бала еді. Суға батып бара жатқанын көріп, соңынан мен де секірдім. Сол кезде су астындағы баллонға басым соғылып, денемді толық сезбей қалдым. Бұл өте ауыр кезең болатын. Алғашқы екі-үш жылда мүлде қиын болды. Арманыңның тас-талқаны шығады. Не істеріңді білмей қаласың. 23 жастамын, университетте алтыншы курста оқитынмын. Бірақ сол кезде мені әке-шешем мен жақындарымның қолдауы алып шықты. Қыз баланы құтқара алмадым. Десе де, бұл менің тағдырым. Тағдырым деп қабылдадым, ризамын. Өкінбеймін,

дейді Арнұр.

Арнұр бүгінгі таңда «Қанаттылар» театрын басқарып отыр.

Театрымызда елу адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі отыз адамның мүгедектігі бар. Бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек жандар ойнайды. 2018 жылғы халықаралық фестиваль біздің қойылыммен ашылды. Қарқынды жұмыс істеп келеміз,

дейді Арнұр.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

5 месяцев ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago