Экономика

Су мәселесі шешілмесе қант бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін

Жамбылда ағын судың аздығынан 10 мың гектарға егілген қызылша алқабының жартысы қурап қалды. Құрғақшылық салдарынан қызылша өсірушілер шығынға батып жатыр. Облыс бойынша 300 мың тонна өнім алу жоспары екі есеге азайған. Бұл туралы Qazaqstan.tv арнасы хабарлайды.

Бүгіннің өзінде түрлі дақыл еккен 350 қожалықтың зардап шеккені анықталды. Ал тіршілік нәрінен тарыққан Байзақ ауданының шаруалары келесі жылы қызылша екпейміз дейді. Базарбай каналының бойындағы 60-тан астам шаруа қазір сусыз отыр. Ағын су алдағы аптада берілмесе, мың гектарға жуық қызылшаның қурап қалу қауіпі бар.

Негізі осы қызылша жарты келі болу керек еді. Қазір көріп отырғандарыңыздай 100-150 г болмайды. Кішкентай. Бұл су ішпеген сайын жұмсақ болады. Қанттың құнарлығы болмайды. Ертең қант зауыты «мұндай шикізат қажет емес, қант шықпаса, не пайда?» деп айтады маған. Келесі жылы су болмаса, суға кепілдік болмаса, мүлде екпеуіміз де мүмкін,

дейді диқан Демірбек Зууфов.

Аймақта 6-шы тамыздан бастап көршіден келетін су толық тоқтады. Дегенмен суға жауаптылар каналдардағы қалдық сулар қызылшаға жетеді деп сендіреді. Ал тәтті түбір өндірушілер қауымдастығы «өнімнің аздығы қант бағасына әсер етпейді» деп отыр. Өйткені Меркі қант зауытының қорында 7 жарым мың тоннаға жуық шекер бар. Биыл мемлекеттен қызылшаның бір келісіне 25 теңге субсидия төленеді. Бұдан бөлек Меркі қант зауыты 15 теңге, тасымалы үшін тағы 4 теңге қаржы бермек.

Өзіміздің отандық өнімді үкімет қолдамаса, 3-4 жылдан кейін қанттың бағасы 1000-1500 теңгеге баруы мүмкін. Су ұңғымасы мен су үнемдеу технологияларына ақша бөліп, бұны жандандырумыз керек. Сонда ғана біздің отандық өніміміз жоғары деңгейде болады. Сонда ғана өз елімізді 70-80 пайызға қамтамасыз етуге мүмкіндік болады,

деді облыстық қызылша өндірушілер қауымдастығының төрағасы Саха Манатов.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago