Categories: Саясат

Сумаң етіп сайлау келді. Ертең үміткерлерді ұсыну аяқталады

Тұп-тура бір тәулікке жуық уақыт қалды. Содан соң, бітті шаруа. Барымен базар қыламыз, деп күрсінеді Нұргелді Әбдіғани.

Парламенттегі үш партия жабылып: «Тоқаевтан жоқ өзге», — деп өзеуреді. «Қайтсем, Парламенттен бес кісілік орын аламын» деп, сайлау сайын жыламсырап жүретін «Ауыл» мен осыған дейінгі сайлаулардың денінде «байкоттан» басқа сөз айта алмаған ЖСДП бір-бір үміткер ұсынды. Оған да шүкір.

Олардан өзге тағы екі үміткер құжаттарын тапсырыпты. Олардың есім-сойлары елше мәшһүр дей алмаймын. Кейінгі кезде өзін оппозиция өкілі деп айтып жүрген экс-депутат Нұржан Әлтаевтың құжаттарынан шикілік шыққан дейді. Ертеңге дейін үлгерсе, ол да бар. Сонымен комплектацияланып қалғандаймыз. Енді, бүгін-ертең жарқ етіп бір жұлдыз шықпаса…

Оған мен күмәнмен қараймын. Үлгермейді.

Енді дауыс беруге барсаң да, жоқ әлде бармаймын деп жер тепкілесең де, болары болды. Сайлау келіп қалды. Өткен жолғы референдумның кезінде ең төменгі белсенділікті Алматы қаласы көрсетті. Неге? Өйткені, Алматыда бақылаушылар (тәуелсіз, қоғамдық т.б. ұйым бақылаушылары) бақылау процесін жүргізді. Біз де сол санатта болдық. Жалпы елімізде 2019 жылғы сайлаудан кейін бақылаушылық институт қалыптасып келеді. Бұл қуантарлық жағдай.Бақылаушылардың көп болғаны және олардың әртүрлі ұйым өкілдері болғаны дұрыс. Біз де осыған дейінгі бірнеше процессте тәжірбие жинадық. Биыл да сол әдетімізше, бақылаушылық жасасақ деп отырмыз.

Жалпы сайлау – туралы екі ауыз пікірім: билікке сол билікте болып, айырылып қалғандар таласады. Ал билікте болмағандар – жетуге тырысады. Ал енді жетуге тырысқан адамның ойы әртүрлі болуы мүмкін. Біреуі билікке жетіп алып, осы қоғамды өзгертсем дейді. Екіншісі майлы жілікке жетсем дейді.

Үміткерлер мен кадрдан тыс, тығылып жатқан, сәті келсе, келер жылдың көктемін күтіп жатқандарды осы екі позиция тұрғысынан бағалай беріңіздер,

деп жазады Нұргелді Әбдіғани.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago