Фото: видеодан алынған
Өзбекстандық блогер, Activist жобасының негізін қалаушы Ходжиакбар Носиров 15 тәулікке қамауға алынды. Ол желді жариялаған видеода кейбір йогурттардың құрамында кармин бар болғандықтан оларды «харам» деп атаған. Ташкент қалалық ІІБ блогер бұл ақпаратты «сарапшылардың пікірінсіз, жеке діни көзқарасына негіздеп» айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ gazeta.uz порталына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, 5 сәуірде блогер өзінің Telegram-дағы арнасында йогурт өнімдері туралы видео жариялаған. Ол интернеттегі дереккөздерге сілтеме жасап, супермаркеттен сатып алынған йогурттың бірнеше түрінің құрамында кармин (Е120) болуына байланысты «харам» (мұсылмандарға тыйым салынған тағам) деп атаған.
Сонымен қатар ол көрермендерді бұл өнімдерді тұтынбауды, тұтыну алдында өнімнің жарамдылық мерзімін ғана емес, құрамын да тексеруге шақырған. Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, видео авторы «тиісті сала мамандарының пікірін алмастан, жеке діни көзқарасына негізделген» ақпарат берген, деп жазады басылым.
Конституцияның 25-бабына сәйкес, әркімнің бостандығы мен жеке басына қол сұғылмауына, сондай-ақ 27-бабына сәйкес жеке өміріне араласудан өзін қорғауына құқығы бар. Өзбекстан азаматтарының жоғарыда аталған кепілдіктерін бұзуға болмайды. Атап айтқанда, өз бастамасымен түрлі мәселе бойынша діни көзқарасын білдіру арқылы өзге адамдардың жеке өміріне араласуға жол берілмейді,
делінген ІІБ хабарламасында.
Басылым мәліметінше, тексеріс қорытындысы бойынша Ходжиакбар Носировқа қатысты Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік кодексінің 184-3-бабы және 194-бабы бойынша хаттама толтырылып, Шайхантаһүр аудандық соты блогерді 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…