Categories: Оқиға

Сырдария өзені арнасынан асты, жолдар жабылды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды,

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, бұл күндері облысқа Сырдария өзені арқылы секундына 778 текше метр су ағып келіп жатыр.

21 ақпан мен 4 наурыз аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде өзеннің Жаңақорған, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы, сондай-ақ, солтүстік аудандары — Сырдария және Жалағаш учаскелерінде мұз арқылы қозғалу қауіпсіз етілді. Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылы маңындағы қауіпті учаскеде өзен арнасынан асып кетті. Осыған байланысты аудандық маңызы бар Жалағаш-Жосалы (Жосалы ауылынан 43 шақырым, Жалағаш ауылынан 31 шақырым, Далдабай мен Қызылтам елді мекендері арасындағы) жолы уақытша жабылды.

Бұл жол екі елді мекенді — Далдабай мен Қызылтамды байланыстырады. Бұл ретте оларға аудан орталықтары — Жосалы, Жалағаш ауылдарынан апаратын ішкі жолдар бар. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тасжолы ашық және қалыпты жұмыс істейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago