Орталық сайлау комиссиясы бүгін, 14 ақпанда Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тауды Мәжіліс сайлауына қатысудан шеттеткен.
Бұл туралы партия әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлімдеді.
Бәлкім, формальдық дүние өте маңызды шығар, бірақ ол өте лайық кандидат болды. Сырымбек нөлден бастап жеке кәсібін ашып, 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам салық төлеген,
делінген партияның мәлімдемесінде.
Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров болған жағдайға қарамастан, Respublica партиясы берілмейтінін, күресті жалғастыратынын айтты.
Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады.
Сайлауға жеті партия Amanat, «Ақ жол», Қазақстан халық партиясы, «Ауыл», Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ» және Respublica қатысады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…