Оқиға

Төреғали Төреәлінің жарнамасына сенген жұрт үйсіз қалды

Танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен үй алмақ болған бір топ тұрғын алданып қалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлады. 

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарап, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, әнші Төреғали Төреәлі құрылыс компаниясын жарнамалаған.

Қаншама құрылыс компаниясынан аттап, есімі белгілі азаматтарға сеніп ақша салып едім. Бір бөлмелі пәтерімді сатып, 10 миллионға жуық ақша құйдым. Екі бөлмелі үй алғым келді. Соңы мынадай жағдайға әкеліп соқты. Үй салынып бітпей тұрса, күте тұрушы едік, тіпті іргетасы да қаланбағанын білдік. 2023 жылдың соңында беріледі деп еді,

дейді зардап шегуші тұрғын.

Жарнама жасаушылардың бірі – Төреғали Төреәлі. Жеке парақшасында аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, пәтер алмақ болған сәтін оқырмандарына көрсеткен. Алайда Төреғалидің менеджері “біз де алданып қалдық” деп қысқа қайырды. 

Біз ол жерден барып үй алмақ болғанбыз. Бірақ оларға жарнама істеп, үй аламыз десеңіздер міне деген ештеңе жоқ. Егер біз жарнамалады деген келісімшарт болса, соны көрсетсін. Біз үйді алмақ болып сол жерге бардық, соны видеоға түсірдік. Біз де зардап шегушіміз,

дейді Төреғали Төреәлінің менеджері.

Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2 бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.

Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2 бөлмелі пәтер келісілген дейді. Жауабында солай көрсетілген. Ал Дәулет Мұқаев 20 миллион ақшаға келіскен,

дейді адвокат Шынқуат Байжанов.

Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, егер танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептеледі.

Егер Дәулет пен Төреғали ақы алса, бұл жарнама болып есептеледі. Сондықтан оларды жауапкершілікке тарту керек. Олардың үстінен арыз жаза беріңіздер. Өйткені сіздер оларға сендіңіздер. Депутат болсын, басқа болсын қылмыстық жауапкершілікке бәрі бірдей жауапты,

дейді заңгер.

Еске салайық, танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, сан соғып қалған “Айс Мұратованың” ісі де әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. 

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

14 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

15 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago