Categories: Қоғам

Төреғалидің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етемін — Айгүл Орынбек

Танымал заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде 20 тәулікке қамауға алынған Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті.

«Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мас халде көлік басқару — қылмыспен тең, ал мас жүргізуші – қылмыскер» деп қатаң ескертіп, заңға бағынуды тапсырды. Заңға бағынбау, дөрекелік, билік өкілдеріне қарсы шығып қызметкерлерді басыну, күш көрсету, ол — қылмыс. Төреғалиді мәжбүрлі түрде қамауға алып, үстінен қылмыстық іс ашу керек деп есептеймін. Әншінің іс-әрекеті — ақтауға келмейді. «Жылдамдықты ұшаққа асығып бара жатқан соң асырды. Полиция түсіністік танытпады» деген не әңгіме? Полиция қызметкерлері не үшін түсіністік таныту керек? Заң — бәрімізге ортақ. Тәртіп сақшылары өте дұрыс жасады. Егер оны жібере салғанда ол сосын адам қағып өлтіргенде, оны жайына жіберген полиция қызметкерлерін сөгіп, айып тағып шығар едік. Ал әншінің мас халде болғандығын, қанынан есірткі өнімі табылғанын қалай ақтауға болады Мына жері тым күлкілі, «Ұшақта халықты күттірмеу үшін, асықты» депті. Халықты күттірмес үшін — адам деген үйден ерте шығып, ертерек қамдану керек. Жауапкершілікті сезінуі қажет. Асығыс келе жатып, сол ақтап отырған жақын адамдарының өзін қағып өлтірсе, осылай сайрап отырғанын көрер едім», — деді Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар заңгер әншінің үстінен қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша, яғни билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағыны үшін қылмыстық іс ашылып, заңды тұрғыда жазалау керектігін айтады.

«Төреғалиді тек 20 тәулікке қамап, көлік жүргізу куәлігінен айырып қана қоймай, қылмыстық іс ашуды сұраймын, тіпті талап етемін! ҚР ҚК-тің 380 бабы бойынша, яғни Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағыны үшін қылмыстық іс ашылып, заңды тұрғыда жазалану керек. «Халықтың Төреші», «халықтың еркесі», «серкесі» деген ұғымды тоқтату керек. Құқықтық мемлекет құрғымыз келсе, халықты — бай-кедей немесе көке-жәкесі бар деп бөліп-жарып, үй ішінен үй тігіп алаламай, заңды орындауды — басты орынға қоюымыз міндет. Ел алдында жүрген танымал азаматтар да — заңды құрметтеп, халықтың қауіпсіздігін ойлап, тәртіпке бағынсын», — деді Айгүл Орынбек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago