Categories: Саясат

Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпбиге көшуді талқылап жатыр

Құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіретін Түркі мемлекеттері ұйымы біркелкі әліпби жасау мәселесін талқылап жатыр.

Anadolu басылымына мәліметінше, тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу үдерісін жеделдету мақсатында біртұтас әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды.

Оның құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясатымен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүше кіреді. Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді.

Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссияны құру туралы шешім Түркияның Бурса қаласында өткен және Тіл күнінің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі бойынша семинар» отырысында қарауға ұсынылды. 

Семинарда түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елдерінде орын алған әліпби және тарихи тілдік үдерістер туралы мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшу және оны түркі мемлекеттері арасында тарату үдерісін жеделдету маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Латын әліпбиіне көшуде жан-жақты, терең талдау жасап барып, түбегейлі шешім қабылдаған абзал екенін айтқан болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago