Categories: Руханият

Түркіменстан әйелдерге тар киінуге тыйым салды

Түркіменстанда Мары уәлаятында жергілікті билік мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда істейтін әйел жұмысшыларға «қарапайым киінуге» кеңес берді.

Шенеуніктер мұндай ережені бұзған әйелдер жұмыстан шығарылатынын ескерткен.

«Әйелдерге тырнақ ұзартуға, жалған кірпік жапсыруға, шашты жарқын түстерге бояуға, ашық әрі тар киім киюға тағы тыйым салып жатыр. Бұған қоса, әйелдерге жұмысқа алқа, жүзік секілді әшекейлер тағып келуге рұқсат жоқ. Бұл туралы әйелдерге өткен айда басталған жиналыстарда ескертілген» дейді Азаттықтың Түркімен қызметінің Мары уәлаятындағы тілшісі.

Билік өкілдері жалған кірпік жапсырып, тырнақ ұзартқандарды жиналысқа шығарып, оларды көпшілік алдында сөгеді.

«Әйелдерге табиғи сұлулығынан айрылып, бұзылған әйелге ұқсап кетті деп ұрсады. Шенеуніктер тәртіпті бұзғандар жұмыстан шығарылатынын ашық айтып отыр» дейді осындай жиналыстардың біріне қатысқан мектеп мұғалімі.

Жұмысшылар биліктің кезекті шектеу шараларына наразы. Бірақ елде жұмыс жоқ уақытта табыстан айрылып қалғысы келмейді, сол себепті ренішін ашық айта алмайды.

«Мемлекеттік телеарна үшін репортаж дайындаған уақытта сұлу әйелдерді жинап алады. Ал енді бізді бұзылғандар деп масқаралап отыр. Бұны қалай түсінуге болады? Адамның бұзылған-бұзылмағаны оның көйлегі мен тырнағына қатысты болмаса керек» дейді Марыда тұратын бір медбике.

Еске салайық, түркімен әйелдерінің сыртқы келбетіне қатысты тыйымдар 2022 жылғы сәуірде билікке Сердар Бердімұхамедов келгелі салына бастаған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago