Түркіменстанның біраз жылға созылған экономикалық дағдарысының зардабын ең әуелі кедей отбасылар мен қарт адамдар тартып жатыр. Ашғабат көшелерінде қайыр сұрап тұрған қарттар мен балалы әйелдер көбейген, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Сауда орталықтарында, базарларда қайыр сұрап тұрған 60-70 жастағы қарттарты, 30-40 жастағы балалы әйелдерді жиі кезіктіруге болады. Олар үйлерді де аралайды. Әркімнің есігін қағып, қайыр сұрайды,

дейді астана тұрғыны.

Қайыр тілеп тұрғандар жұмыс жоқ, жалақы мен мемлекеттің жәрдемақысы тым мардымсыз екенін айтады.

Біз мемлекеттен 500-600 манат жәрдемақы мен зейнетақы аламыз. Қазір бір қап ұн 300-350 манат, қазақ ұнының бір қабы 550-650 манат тұрады. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады?

дейді көшеде кішкентай баласымен қайыр сұрап тұрған әйел.

Түркіменстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен стипендия 10 пайызға көтерілген. Президент Сердар Бердымұхамедовтің мәлімдеуінше, мұндай шешім халықтың жағдайын жақсарту мақсатында қабылданған.

Түркіменстан тұрғындарының пікірінше, президенттің мұндай «жомарттығы» халық тұрмысын еш жақсартпайды, өйткені елде жылдан жылға азық-түлік қымбаттап барады.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago