Фото: ашық дереккөзден
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 4 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбегі бойынша күдікті, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Соттың санкциясымен басшының, оның орынбасарларының және бөлім бастығының үйінде, жұмыс орнында және қызметтік көлігінде тінту жұмыстары жүргізілді. Анықталғанын Түркістан облысының соты тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, нақтыламады.
Қылмыстық іс Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында. Тінту жұмыстары Түркістан қаласында Ж.М, Н.Н, Б.Д.-ның пәтерлеріне жүргізілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінде Н, Н., А, Б., А. Д. кабинеттерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Н.Н-тың «Ниссан Альмера» қызметтік автокөлігінде, Б.Д.-ның «TOYOTА CAMRY» қызметтік автокөлігінде тексеру жүргізілді,
деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…