Categories: Оқиға

Түркістан облысында бір ауданның 12 мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

Түркітан облысы Сауран ауданында 12 мектептің директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар лицензиялау нормаларын бұзған, деп хабарлайды Отырар.кз ақпараттық агенттігі. 

Дерекке сүйенсек Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Сауран ауданындағы 12 мектеп директорын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Яғни білім ошағының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзған.

Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың айтуынша, лауазымды тұлғалар мектептің атауы өзгергеннен бастап 30 күн ішінде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтінішті беруі тиісү Бірақ аталмыш мектеп басшылығы бұл құжат мәселесін реттемеген. Осыған байланысты Сауран ауданының 12 мектеп директорына 1 миллион 863 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр. 

Сондай-ақ ведомстводағылар лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге мән бермей жүрген мектеп басшылығына ескерту жасауда.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago