Categories: Қоғам

Түркістан облысында тағы бір ауыл таратылады

Түркістан облысының әкімдігі мәслихатпен бірлесіп, «Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Нұра елді мекенін тарату туралы» қаулы дайындады.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіндегі Нұра елді мекені таратылып, статистикалық деректер базасынан шығарылсын,

делінген құжатта.

Бұл шешім Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстарын ескере отырып қабылданған.

Wikipedia мәліметтері бойынша 1999 жылы халық саны 288 (116 ер және 172 әйел) болған. 2009 жылғы халық санағы бойынша ауылда небәрі 160 адам (83 ер адам және 77 әйел) тұрған.

Бұған дейін Түркістан облысы Созақ ауданы, Жуантөбе ауылдық округіне қарасты Қақпансор ауылын адам саны аз болуына байланысты тарату туралы әкімдіктің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі дайындалған еді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында еліміздегі 2,8 мыңға жуық ауылдық елді мекендер қолдау шараларымен қамтылмаған. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзінше, мұндай бірқатар ауыл адам санының аздығынан мемлекет қолдауынсыз қалды. Онда қандай да бір жұмысты атқару бюджетке қымбатқа түседі және мағынасыз. Сондықтан адамдарды мұндай ауылдардан көшіру туралы шешім қабылданды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago