Categories: Қоғам

Түркістан облысында тауда 12 адам жоғалып кетті

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті 5 қаңтар сағат 10:00-де 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдар жоғалғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туыстарының айтуынша, жоғалған адамдар соңғы рет 3 қаңтар сағат 16:00-де байланысқа шыққан. Олар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтуы керек болған.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райына байланысты тікұшақ жұмылдыру да  жоспарланған.

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөніндегі ескертулерге құлақ асу қажет екенін ескертті.

Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақытын хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз,

деді Түркістан ТЖД баспасөз қызметі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago