Сурет: azattyq.org
Сарыағашта кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың «бейсенбілік асы» өтті. Батадан шыққан бүлдіршіннің туыстары қылмыскердің қатаң жазалануын талап етіп, бейбіт митинг өткізді. «Әділдік сот болсын!», «Педафилдерге өлім!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап, 20-ға жуық адам көшеге шықты.
Жиналғандармен облыс прокурорының бірінші орынбасары Д. Сыздықов, аудан әкімі А. Абдуллаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е. Бейсебаев түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бір жарым сағаттан кейін олар үйлеріне тарқады. Қазіргі таңда ауылдағы жағдай бірқалыпты және қандайда бір қоғамдық тәртіпті бұзу болған жоқ,
делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құзырлы органдар тарапынан жағдай бақылауға алынған. Ал, Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі ауылдағы саяси ахуал тұрақты екендігін хабарлады.
Еске салсақ, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қаза болды. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.
Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілде күні жерленді.
Кейінірек қызды зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды.
Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды.
Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты.
Күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…