Түркістан облысында жасөспірім қызды пойыз қағып кетті

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде 60-тан астам адам пойыз дөңгелегінің астына түсіп көз жұмған.

16 желтоқсанда Манкент стансасында жүк пойызы теміржолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Жүргізуші жедел тежегішті басып, дыбыстық сигнал бергенімен, қыз бала құлаққап пен бас киім киіп алғандықтан, естімей қалған. Зардап шегуші Сайрам ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі «Теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство өкілі жыл басынан бері көлік полицейлері темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 25 403 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ пойыздарды шұғыл тежеуі ​​бойынша 2 162 факті тіркелді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago