Түркістан облысында жолда қалған 35 адам құтқарылды

Жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автомобиль жолда қалып қойған.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қарашада 112 пультіне Ащысай асуындағы Кентау-Шолаққорған автожолының 55 шақырымында көктайғаққа байланысты жолаушылары бар 2 жүк және 8 жеңіл автомобильден құралған кептеліс пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар 2 жүк және 8 жеңіл автокөлікті сүйреп алып шықты. 35 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Оларға медициналық көмек қажет етілген жоқ,  

делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару операциясына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

18 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

18 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago