Түркістанда 4 жасар баланың өлімінен кейін барлық аудан мен қаладағы кәріз құдықтарын полиция тексеріп жатыр.
Бұл құқық қорғау органының құзіретіне кірмесе де облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы осындай шешім қабылдапты, деп хабарлайды 24.kz.
Әйтпесе ашық жатқан құдықтан қауіп көп.
Полицейлер өз аймағында орналасқан үйлердің кәріз құдығын мұқият тексеріп, қақпағы бар-жоғын анықтауға кірісті. Талапқа сай болмаса үй иесіне ескерту жасалады.
Ал жол бойындағы кәріз жүйесіндегі ақаулық туралы ақпаратты әкімдікке жолдайды. Рейд кезінде темір қабылдайтын орындарды тексеріп шықты. Ұрланған қақпақтарды сатып алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бұған дейін де темір қабылдайтын азаматтарымызға күнделікті бізде учаскелік инспекторларымызбен ескерту жасалады. Өздерінің әкімшілік аумақтарында темір қабылдайтын орындар бар. Соларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жауапкершілікке тарытылатыны ескертіліп жатыр. Кәріз құдығының қақпағын өткізген азаматарымызға ҚР ҚК 188-бабымен жауапкершілікке тартылады. Соны ұрлық екенін біле отырып, қабылдап алған азаматтар ҚК 196-бабымен жауапкершілік қаралған,
деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы Асылхан Төреханов.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…