Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді. Ауқымды теңбіл доп мерекесінде астаналық екі команда өзара бақ сынасады.

«Түркістан Арена» стадионында өтетін бұл қос команда бұған дейін 1XBET QFL Лига Кубогының финалы үшін іріктеуден өткен болатын.

Тартысты бәсекеде жеңімпаз атанған команда 90 миллион теңге алса, ал финалға шыққан екінші командаға 50 миллион теңге беріледі. Жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ доллар. Бұл республикадағы коммерциялық футбол турниріндегі ең ірі жүлде. Көрермендерге арналған басты сыйлық — турнирдің бас демеушісі 1XBET ұсынған CHERY TIGGO 4 PRO көлігі болмақ.

Бұл турнир қазақстандық футболды дамытудың жаңа дәуірін білдіреді. «Түркістан Аренада» финалды өткізу – аймақтардағы спортты дамытуға және бүкіл ел жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдырады,

деді турнирдің ұйымдастыру комитеті.

Матчты телевизиялық трансляция арқылы көрсету үшін 15 камера, соның ішінде панорамалық түсіру және қақпа артындағы камералар қойылған. Ел футболының тарихында алғаш рет эфирде кеңейтілген статистиканы көрсету үшін кеңейтілген технологиясы қолданылады.

Матч спорттық және ойын-сауықтық шара ретінде ерекше өтпек. Жанкүйерлерге H1RO орындауындағы концерт, жарық шоу мен отшашу көрсетіледі. Стадионда интерактивті аймақтар, соның ішінде кубок репликасы бар фотозона және фристайл шеберлерінің қатысуымен панна-футбол алаңы ұйымдастырылады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

Дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасына бару үшін барын салған. Франция астанасы Парижде журналист Аслан Қаженовке…

1 год ago