Түркістан қалалық сотында екі адамды «екі қой ұрладың» деп азаптаған алты полицей үш жарым жылдан төрт жылға дейінгі түрме жазасына кесілді. Сот оларды «заңсыз ұстау» және «азаптау» баптарымен кінәлі деп тапты.
Сот үкімін тыңдауға жүзден аса адам жиналып, ал сот залына сыймағандар сыртта қалды, тағы ондаған адам сот кабинетінің терезесінен қарап тұрды.
Жиналғандар мен сотталушылар үкімді үнсіз тыңдады. Судья «дәлелдемелерге күмәнмен қарауға негіз жоқ» деген сәтте полицейлер айыпты мойындамай, сот залында төбелес шығарды.
Нақтырақ айтқанда, олардың бірі өздері тұрған қоршаудың әйнегін сындырып, сыртқа секіріп түсті. Судья мен прокурор сот залынан қашып шығып, сотталушыларды айдауылдар мен полицейлер ұстап қалды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…