Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген жігіт анықталды

Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген жігіт анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, оның атына белгісіз біреу несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жас жігіт, жергілікті тұрғын болып шықты.

Ол жолаушы ретінде көліктерге отырып, көлік иелерінің телефондарын сөйлесу мақсатында алдап алып, несие рәсімдгені белгілі болды.  Күдікті жігіттің бұдан басқа алаяқтықтың 5 жайтына қатысы бары расталды. Жәбірленушілерге 6 миллион теңге шығын келген.

 Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago