Фото: ашық дереккөзден
Елімізде Түркия университеттерінде оқуға түскісі келген 200-дей адам компанияға алданып қалған.
Ақтөбелік ата-аналар өзге елге оқуға түсіріп, жатақханаларыңызды дайындап береміз деген компаниялардың арбауына түскен. Түркияға өз ақшаларымен барған балалардың қазір сол елде не оқуы, не тұратын жері жоқ, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Раушан Қожанова – «Turkey EDU» компаниясына сеніп, сан соғып қалғандардың бірі. Ол дәл осы компания арқылы өз баласын Түркияға оқуға түсіруге бекінген.
Айтуынша, аталмыш компания өкілдері сол елдегі жоғары оқу орнына жеңілдікпен түсіре аламыз деген соң келісім жасасқан. Тіпті жатақхана мәселесін де шешуге уәде берді.
Компанияға 800 мың теңге бердік. Келісім бойынша бұл ақыға олар түрік тілін үйретіп, баламды Түркиядағы оқуға түсіруі керекеді. Бұл қызметтердің бірі де орындалмады. Ақшамды да қайтарған жоқ,
деді алданған ана.
Заңгердің айтуынша, компания өзін танымал адамдарға жарнама жасатып, Түркияда оқығысы келетін талапкерлерді тартқан. Осылайша олардан ақшасын алған соң, келісімшартта көрсетілген міндеттерінің бірде-бірін орындамады. Тіпті Түркияға баратын ұшақ билеттерін де алып бермепті. Кейбір ата-аналар компанияға соңына дейін сеніп, Түркияға өз қаражаттарымен барған.
Түркияға барамыз деп дайындалып отырған соң өз қаражаттарына билет алды. Турцияға жеткеннен кейін оларды ешкім күтіп алмаған, университтеріне барса, оқуға түскендердің арасында тізімде жоқ. Жатақхана алынбаған. Арман қуып барған жастардың көбі сол елде тентіреп қалды,
деді заңгер.
Оның айтуынша, қазір аталған компания келісімшарт жасасқан азаматтарға 100 миллион теңгедей шығын келтірген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…