Categories: Қоғам

«Түркия еліне ем іздеп, сандалма, қазақ!» — «чекапты» Қазақстанда тегін өтесіз

Бүгінде Түркия еліне барып, денсаулығын толық тексерістен өткізуге құмар адам көбейді. Бұған, әрине, Түркиядағы қандастарымыз бен отандастарымыздың жарнамасы ықпал етуде. Әлбетте, адамның өз денсаулығын күтіп, дәрігерге дер кезінде қаралуы оң үрдіс. Дегенмен, мұндай толық тексерісті елімізде тегін-ақ жасатуға болады. Блогер Ирина Разақ осындай жарнамалардың біріне алданып қалғанын жазды.

Өзі барған медициналық орталықта «чекаптан» көңілі қалғандарды көріп, жазба арнауды жөн көрген.

«Чекап» туралы екі нәрсені біліңіз: Сәтжан Тоқтарбайдың арнайы медициналық білімі жоқ, тек түрік тілін білетін делдал. Қазірлері түрік тілін жетік білмейтін көмекшілері жүреді. Олар медициналық терминдерді дұрыс білмейді,

дейді блогер.

Түркияға келіп, «чекап» өткендерге диагноз қоятын дәрігерлер тапшы болып жататын жағдайлар көп болған. Арнайы дәрігерге қаралу — қосымша ақы.

«Чекапқа» 800$ төлеп, арнайы Түркия еліне келіп толық тексерілуден өтіп, диагноз табады деген ойдан аулақ болыңыз. «Чекап» арқылы өздерінің арнайы тізімге кіретін дәрігерлері мен анализдерін тапсыруға ғана хақыңыз бар. Егер, басқа дәрігерлерге көріну керектігі айтылса оған бөлек ақы алынады. Ал, тізімде сіздің ауруыңыздың маманы көрсетілмеген болса, ол маманнан кеңес алуға қосымша ақы төлейсіз. Медициналық аппараттардың да арнайы тізімі бар. Оған ең бастысы МРТ кірмейді,

деп ескертті Разақ.

«Чекап» пакетіндегі дәрігерлер тізім де шектеулі болып шықты. Оған ЛОР, гинеколог, офтальмолог, кардиолог, хирург, терапевт кіреді. Ал басқа дәрігерлер қосымша ақы алады. Дәрігердің қарауынсыз өткен «медосмотрдың» түк мәні жоқ.

— Жарнамаға еріп иллюзиядан аулақ болыңыз, — деп шақырады Ирина Разақ, — Осының барлығын Түркия елінде жүріп, ол елден жұмыс таба алмай, тек қазақты алдау арқылы қалтасын қампитқысы келгендер немесе жарнама арқылы табыс табатын блогерлер. Асыра жарнамалап,

елімізде медстраховкамен тегін өтуге болатын «медосмотр» үшін қараңғы қазақты сабылтып отырғандар.

Сондықтан «сәнді» блогерлердің «сәнді» жарнамасына алданып, ақшаңызды босқа шашпаңыз, деп үндейді Ирина Разақ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago