Түркияда хиджабқа қатысты референдум өтуі мүмкін

Түркия парламентіне әйелдердің мемлекеттік қызметте, мектептерде және университеттерде хиджаб киюге құқығы бар-жоғын шешу міндеттелді. Парламентарийлер шешім қабылдай алмаса, мәселе референдумға шығарылады, деп хабарлайды РБК.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясына конституция түзетулерін, оның ішінде мектептерде, университеттерде және мемлекеттік мекемелерде хиджаб кию құқығын парламенттің талқылауына шығаруды тапсырды.

Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысымыз қабылданады деп сенеміз. Бұл орындалмаса, біз референдумды қоса алғанда, басқа да қадамдарға баруға дайынбыз. Парламентте қажет көпшілікті ала алмасақ, соңғы сөзді халқымыз айтады.

деді Ердоған.

Хиджаб кию құқығына қатысты түзетулер Конституцияның 10 және 24-баптарына өзгерістер енгізуді көздейді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago