Categories: Экономика

Түркияда лир құнсызданып, азық-түлік қымбаттаған

Түрік валютасы президент сайлауынан кейін тарихи минимумға түсті. Бір доллар – 20 лир. Қазір Түркияда оқып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар күнкөрістің қиындап кеткенін айтады. Өйткені қарапайым азық-түліктің өзі былтырдан бері екі есе шарықтаған. Бұл туралы KTK телеарнасы хабарлайды.

«Лирдың бұлай құнсыздануына Режеп Ердоғанның ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен» — дейді халықаралық сарапшылар. Инфляция өсіп, ал базалық мөлшерлерме сол қалпы. Қаржы дағдарысының алдында тұр деген Анадолыға демалуға баратын отандастарымыздың саны да күрт азайған.

Кеше Режеп Тайып Ердоғанның президент сайлауында жеңіске жеткені сол еді, лирдың құнсыздануы рекорд көрсеткішке жетті. Қазір 20 лирға бір доллар келеді. Шетелдік ақпарат құралдары түрік  валютасының әлі де құнсызданатынын әзірден болжап отыр. Олардың есебінше, жыл соңына дейін тіпті 30 пайызға дейін құлдырауы мүмкін. Анадолыда оқып, жұмыс істеп жүрген отандастарымыз қазірдің өзінде киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін ек есе шарықтап кеткенін айтады.

Түркияда оқып жүрген студент Нұрсұлтан Қуантайдың айтуынша, лира түскен бойда азық-түліктің бағасы бірден екі есеге көтерілген.

Мысалы, бұрын жәй ғана дүкеннен азық-түлік алуға 100 лир кететін, қазір 100 лирдің өзі жеткіліксіз. Қазір 200 лирдай алып шығу керек. Лир құлағаннан кейін халық та жабырқау десек болады,

дейді ол.

Мұндай өзгеріске сондағы халықтың ғана емес, әдетте жаз шыға Түркияға ұша жөнелетін қазақстандықтардың да көңілі толмай жүр. Отандық туроператорлар Түркия курортына аттанамын деушілердің саны биыл күрт азайды дейді.

Былтыр осы уақытта жұмысымыз қызу болған. Түркияға баратындардың саны әлдеқайда көп болды. Қазір күрт азайды. Тымтырыс. Былтыр Түркияда бір апта демалуға 1100-1200 доллар керек болатын. Биыл мың жарым долларға дейін. Өйткені ол елде бәрі екі есе қымбаттап кеткен,

дейді туроператор Александр Ақназаров.

Өзге мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, ышқындап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтеру керек. Бірақ Ердоған мұны пайдаланбай отыр. Экомистер оның көздегені де осы дейді. Яғни ол тікелей нарық экономикасын қолдайды деген сөз. Өйткені Түркияның экспорты имортынан әлдеқайда жоғары.

Экономист Мақсат Сералы инфляция экспорттаушы мемлекеттерге артықшылық болып отырғанын айтады.

Түркия – ішкі нарығын қамтып отырған мемлекеттердің бірі. Қазір инфляция экспорттаушы мемлекеттерге артықшылық болып есептеледі. Өйткені оның тауары сыртқы нарыққа шыққан кезде, сәйкесінше, тауар бағасы төмендейді. Өйткені ішкі нарықтағы лир төмендеді. Сол себепті оларға еш қорқыныш жоқ,

дейді ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

16 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

16 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

17 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago