Categories: Қоғам

Түркиядағы еріктілер гуманитарлық көмектің ішіндегі жарамсыз киім-кешектерге шағымданды

Түркия тұрғындары Еуропа мен АҚШ-тан гуманитарлық көмек аясында жеткізілген қажетсіз, ескірген және лас заттарға шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy URA.RU ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Түркия қазір әлемнің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек қабылдап жатыр. Алайда заттарды сұрыптап жатқан еріктілер гумкөмектің ішінде пайдасыз дүниелердің көптігін айтуда.

Измирдегі сұрыптау орталығына АҚШ пен Еуропадан келген көмек қораптардың іші пайдаланылған және керек емес заттарға толы. Іш киімдер, биік өкше туфлилер, кешкі көйлектер, косметика және басқа да кештерге арналған атрибуттар бар,

деп жазады Mash Telegram арнасы Түрік еріктілерінің Батыстың гуманитарлық көмегі туралы пікірлеріне сілтеме жасай отырып.

Журналистер атап өткендей, гуманитарлық көмектің басқа пунктерінде де жағдай осындай, тіпті кейбірінде жағымсыз иістер бар.

Қазақстандық блогер, журналист Мөлдір Анарбаева да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке Түркияға киім-кешек емес, ақшалай немесе техникалық тұрғыдан көмек керек екенін айтқан еді. Автордың Instagram парақшасына салған видеосында Түркиядағы гуманитарлық көмектің әсіресе киім-кешекке толы екені айтылған.

Биліктің өзі «болды, қойыңдар» деп жатыр. Түркияның басқа өңірлерінен келіп жатқан камаздардың санында есеп жоқ. Тіпті ол заттарды таратып беру мүмкін емес. Өйткені көп адамдарды жан-жаққа алып кетіп жатыр. Жараланғандарды ауруханаларға, үйсіз қалғандарды отельдерге орналастырып жатыр. Қазір Түркияның өзінен көмек ретінде жіберілген камаздар да жолда тоқтап тұр. Түркияның байлары бар көмекті беріп жатыр. Ал ұсақ-тиек заттар тиелген шетелдік камаздар әуежайларда тұр,

дейді видеодағы әйел.

Түркиялық еріктілер заттардың арасында, әсіресе, ескі-құсқы әрі жыртық киімдердің көптігіне шағымданып жатыр.

Мынадай киімдерді жібермеулеріңізді сұраймыз. Өзіңіз балаңызға немесе отбасыңыздағы жақыныңызға осындай нәрсе кигізер ме едіңіз? Біздің уақытымызды алмаңыздар. Біздің осындай көйлектерге мұқтаж дейсіздер ме?

дейді видеодағы келіншек.

Сондай-ақ, кадрлардан гуманитарлық көмек аясында келген киім-кешектердің көше бойында қорап-қорабымен шашылып, жарамсыз жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, тоқыма өнеркәсібі түрік экономикасының ең көне және жетекші секторларының бірі болып табылады. Сондықтан да бұл елде киім және аяқ киім тапшылығы мәселесі мүлдем жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago