Categories: Экономика

Түркиядағы шок терапия

Маусым айында Түркия Орталық банкін басқаруға алғаш әйел Төраға тағайындалды. Есімі Хафизе Гайе Эркан. АҚШ-та білім алған, түрлі халықаралық қаржы институттарында жұмыс істеген.

Бүгін сол кісінің бастауымен түрік елінің ақша-несие саясатында ШОК ТЕРАПИЯСЫ деп аталатын механизм жүзеге асырылды. Яғни, соңғы 2 жылда төмендеп келген пайыздық мөлшерлеме 8,5%-дан 15%-ға бірақ көтерілді.

Экономикада бұл құбылысқа «Шок терапиясы» дейді. Оның басты мақсаты елді жайлаған гиперинфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаға қолдау көрсету және капиталдың шетелге ағуының алдын алу шарасы.  Мұндай күрт өзгерістің ұзақ мерзімді салдары экономиканың еркін нарыққа бет бұруы болады. Бірақ кері әсері де болуы мүмкін. Оны дәл қазір түрік лирасының құнсыздануынан көріп отырмыз.

Әдетте пайыздық мөлшерлеме көтерілгенде ұлттық валютаның құны өседі және отандық өнімдер қымбаттайды, ал импорттық тауарлар әлдеқайда арзан болып көрінеді. Бұл бір жағынан отандық өндірістің дамуына жол ашуы мүмкін, екінші жағынан егер экономика айтарлықтай әртараптанбаған болса, импорттық тауарлар арзандап, қаптап кетуі мүмкін, демек отандық өндіріс бәсекеге қабілетті бола алмай құлдырауы да ықтимал.

Тарихта мұндай шок терапиялық әдісті 1992 жылы Англия банкі (10% -> 15%), 2008 жылы Исландия Орталық банкі (12% -> 18%), 2014 жылы Түркия Орталық банкі (7,5% ->12%) және тағы басқа елдердің орталық банктері қолданған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

4 часа ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

5 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago