Categories: Қоғам

Түркиядағы зілзала: қаза тапқан қазақстандықтардың денесі елге қашан жеткізілетіні айтылды

11 ақпанда Түркиядағы зілзаладан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денесі Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Хатай провинициясы Антакия қаласындағы үй құлау салдарынан қаза тапқан Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. СІМ қаза тапқандардың денесін Отанына жеткізу үшін барынша көмек көрсетеді. Отандастарымыздың денесі 11 ақпанда Анталия – Алматы рейсімен Қазақстанға жеткізіледі. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алады,

деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ СІМ ресми өкілі жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадиярованың жағдайына тоқталды.

Қазір ол Адана қаласының мемлекеттік аураханасында. Кеше оның зақым алған қолына операция жасалды, жағдайы тұрақты. Дипломаттар оны емдеп жатқан дәрігерлермен тұрақты байланыста, — деді ресми өкіл.

Бұған дейін Хатай провинциясында үйінді астынан Сабина Мамадиярова аман табылғаны хабарланды.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Түркиядағы жер сілкінісінен 18 342 адам қаза тауып, 74 242 адам жараланған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago