Categories: Оқиға

Түркияда жол апатынан қайтыс болған қазақстандық туристің кім екені анықталды

Маңғыстаудағы белгілі адвокат Кенже Мұңайтпасұлы Антальяда болған жол-көлік оқиғасында көз жұмды. Облыстық адвокаттар төралқасының төрағасы Бауыржан Мұсаев пен әріптестері оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жексенбі, 30 шілдеде Түркияда қазақстандық турист қайтыс болғаны туралы хабар шарлап кетті. Ауруханаға жатқызылып, апаттан кейін ота жасалды. Турист 49 жаста болған. 

Кенже Мұңайтпасұлы 2018 жылы Маңғыстау облысының адвокаттар алқасына қабылданды. Прокуратура органдарында 2002 жылдан 2013 жылға дейін жұмыс істеген.

Біз Кенже Мұңайтпасұлының қаза тапқаны туралы жаңалыққа қайғырдық. Осы қиын сәтте көңіл айтудан басқа шара жоқ. Ол өте принципті, адал адвокат, ерекше кәсіби маман болды. Оның орны ойсырап қалды. Таланты мен адалдығы мәңгі есімізде,

дейді Маңғыстау облысы адвокаттар алқасы төрағасы Бауыржан Мұсаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алания аймағында туристік шағын автобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Оқиға орнында туристік шағын автобус жүргізушісі мен гид қаза тапқаны анықталды. 12 турист, оның 6-уы апаттан ауыр жарақат алып, Алания мен Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago