Фото: ашық дереккөзден
«Трабзонспор» клубының жанкүйерлері жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқару топтарына алғыс айтты.
Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық «Базель» арасындағы ойын алдында болды.
Әсерлі сюжет: құтқарушы, бала және ит. Протео атты ит қиранды астынан адамдарды іздестіріп, қажып, күші сарқылғанда өліп қалады.
Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.
Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы бірқатар жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 38 мыңнан асты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…