Саясат

Тұрлыханов пен Дайрабаев Ұлттық құрылтайдан шығарылды

Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай құрамының өзгергенін мәлім етті.

Мәлімдемеде Ұлттық құрылтай жұмысына басқа қоғам өкілдері тартылатыны айтылған:

Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева;

«Қазақстанның кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин;

Қазақстанның Еңбек Ері, Семейдегі № 7 орта мектеп-лицей мұғалімі Алма Шұқыжанова;

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;

Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова;

пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова;

дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов;

«Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько. 

Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

«Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жүріп жатқаны хабарланды. 

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

20 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago