Categories: Қоғам

Түрмеде баласымен отырған әйелдер жазасын қалай өтеп жатыр

Қазақстанда сотталған 1700-ден аса әйел жазасын түрмеде өтеп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Ел бойынша 79 түзеу мекемесі бар. Олардың ішінде сотталған әйелдер жазасын өтейтін 6 мекеме жұмыс істейді.

Олар Алматы облысы Іле ауданындағы Жауғашты кентінде (560 әйел), Атырау қаласында (163 әйел), Абай облысы Жарма ауданындағы Жанғызтөбе ауылында (157 әйел), Қарағанды облысының Абай ауданында (437 әйел) және Шымкент қаласы (209 әйел), Петропавл қаласында (221 әйел) орналасқан.

Сондай-ақ 2022 жылы жазасын өтеу мекемелеріне 446 әйел түскен.

Ресми ақпарат бойынша, қазір жазасын өтеп жатқан 9 әйел 15 жылдан көп жылға сотталған.

Қазақстанда баласымен бірге түрмеде отырған әйелдер де бар. Мұндай түрме Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты кентінде орналасқан. Дәл қазір сол жерде 32 әйел баласымен бірге отыр.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа норма бойынша әйелдің түрмеден босап шығуына бір жыл уақыт қалса, баласы да тағы бір жыл (4 жасқа толғанша) жанында қалады.

Басқа жағдайларда бала анасының жанында 3 жасқа толғанша қала алады. Содан кейін бала жақын туыстарына немесе балалар үйіне жіберіледі.

Сарапшылардың айтуынша, қоршалған аумақта барлық қажетті жағдай жасалған. Еңбектеген баладан есейіп қалғандарына дейін алаңдар жасақталған. Изолятор басқа қажеттілікке қолданылады екен: босану бұрышы.

Түрме маңында күркелер, ағаштың көлеңкесінде орнатылған орындықтар мен заманауи әткеншектер қойылған. Кәдімгідей балалар алаңын көруге болады дейді мамандар. Балалардың жағдайына шағымдануға еш негіз жоқ екенін де сарапшылар алға тартып отыр. Бүлдіршіндер ыстық тамақпен, ойыншықтармен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Тәрбиешілер де балалардан көз жазбайды.

Әрине, кем тұстары да жоқ емес. Мысалы, балалардың денсаулығын тұрақты тексеріп отыратын дәрігерлер тапшы. Педиатр табылғанымен, арнайы мамандандар жоқ.

Шалыс басқан аналарының қателігі үшін балалардың зардап шеккені де дұрыс емес. Түрме қабырғасында шектетіліп өсіп келе жатқан бүлдіршіндер өмірді толық сезіне алмайды. Басқа балалармен қарым-қатынастан тыс қалған, қоғамнан мүлдем алшақтатылған. Күнделікті көліктер, автобустар ағынын көрмейді. Мерекелер мен түрлі балаларға арналған секциялардың барынан бейхабар. Жалпы, анасы мен тәрбиешілерден басқа араласатын ешкім жоқ. Бұл соңында баланың психикасына теріс әсер ететіні айтпаса да белгілі. Ал 3 жыл бойы баласын бауырына басып отырған ананы туған перзентінен бірден айыру қаншалықты дұрыс?

Құқық қорғаушыларлардың бір бөлігі балалардың түрмеде аналарымен тәрбиеленуіне қарсы. Расымен де жазықсыз бүлдіршіндер үшін қатігез жерде орын жоқ.

Осыған байланысты депутат Зағипа Балиева ЛА-155/4 түзеу колониясы жанындағы балалар үйін түрмеден бөліп жеке шығаруды жыл сайын сұрап келеді. Тіпті болмаса, балалары бес жасқа толғанға дейін әйелдерге қатысты жазаны кейінге қалдыру дұрыс шығар…

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago