Қоғам

Түрмеде отырған 1 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді

Түрмеде отырған 1 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды Astanatv.

Қазақстанда 35 мыңнан астам адам түрмеде отыр. Олардың шамамен 10 пайызы, яғни 3 мыңнан астамы есірткі қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орнына қамалған.

Ал олардың ішінде 1 мыңнан астамы есірткіге тәуелді. Ал 2 мыңы есірткіге тәуелді емес, сатумен айналысқандар. Бас бостандығынан айыру орындарында медициналық бөлім бар. Олар сол жерде ем алады.

Оның атап өтуінше, 2016 жылдан бері Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар сынды бағдарламалық құжат болмаған. Соңғы құжат 2012-2016 жылдарға арналған. Содан кейін мемлекеттік ауқымдағы мұндай құжат қабылданбаған.

Жағдайдың өзі жастардың (есірткіге) бейім екендігін көрсетіп отыр. Есірткіге тәуелділер көп, қылмыстық жауапкершілікке де жиі тартылып жатыр. Сондықтан да бұл дер уақытында қабылданған іс-шара. Біз таяу үш жылдың ішінде межеленген барлық тармақты жүзеге асырып, елдегі есірткіге қатысты ахуалды тұрақтандыруымыз қажет,

деді Бақытжан Әмірханов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago