Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жұмыссыздық себеп – ІІМ өкілі

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жазаны қатаңдату тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтпағанын айтты. Оның сөзінше, жағдай баз-баяғыдай өзекті күйінде қалып отыр. Ол мұның бірнеше себебін атады.

Сот ісі бюрократияланған. Жәбірленуші сотқа дәлелдемелерді өз бетінше ұсынуға, сондай-ақ қылмыскерлер мен куәгерлерді сот процесіне жеткізуге мәжбүр болған парадоксальді жағдайлар кездеседі. Шын мәнінде, бұл шарттарды орындау мүмкін емес, өйткені отбасылық-тұрмыстық қатынаста жәбірленуші агрессорға қаржылық, психологиялық, физикалық жағынан тәуелді,

деді Лепеха.

Оның сөзінше, полицейлер мұндай істерді жүргізу соттың ғана құзыретінде деп, арыз-шағымды қабылдамай қойған кездері де болған.

Ол сондай-ақ айыппұлдың ауыртпалығын зорлық көрсеткен адам ғана емес, отбасы мүшелері де тартатынын айтты.

Әдетте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа алкоголь, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі сияқты бірқатар әлеуметтік мәселе әсер етеді. Осыған байланысты айыппұл (200 АЕК-ке дейін немесе 500 мың теңге) бір ғана адамға емес, бүкіл отбасына ауырлық салады,

деді ол.

Сондай-ақ қылмысты жасаушы отбасы мүшесі болғандықтан, қылмыс ашылмай қалып жатады.

Оның үстіне отбасының бір мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тарту жағдайды жасыруға алып келеді,

дейді Лепеха.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago