Categories: Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар арыз жазылмаса да жауапкершілікке тартылады

Елімізде енді тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар ескерту немесе айыппұлмен құтылып кете алмайды. Оларға заң күшейтілді.

Жәбірленуші полицейлерге арыз бермесе де, қаскөйлер жауапкершілікке тартылады. Куәгерлер, көршілерінің айғақтары мен бейнебақылау камераларының жазбалары болса, тәртіп сақшылары хаттама толтырады.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан соң тараптардың бірнеше рет татуласуына мүмкіндік берілмейді. Жәбірленуші мен зәбір көрсетуші сот арқылы тек бір рет татуласа алады.

Отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғу деректері бойынша құқық бұзушы 10-15 тәулікке дейін қамалса, енді оларды 10-20 тәулікке қамайды. Жеңіл жарақат салғандарды қамауға алу мерзімі 15-25 тәулік болады. Қорғаныс нұсқамасын бұзғандарға қазіргідей ескерту берілмейді, бірден 10 тәулікке қамалады.

Өзгертілген қылмыстық кодекс 19 мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 1 шілдеде күшіне енеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago