Categories: Қоғам

Тұрмысы төмен отбасы балаларына чип салу ұсынылды

Павлодарлық депутат Гүлжайна Даримова әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чип қою керек. Өйткені, көп жағдайда түнгі мезгілде олардың қайда екенін білмейміз. Тіпті, мен олардың денесіне чипті тігіп қоюды ұсынар едім,

деп мәлімдеді депутат әлеуметтік желіде.

Ол бұл балаларды қоғамға қауіпті деп, кейін тіпті оларды түрмеден жазасын өтеп шыққан адамдармен салыстырды.

Менің ойымша, бұл балаларды да есепке қойып, кеш сайын қайда екендіктерін біліп отыру керек. Тексеріс кезінде үйінде болмаса, бірден оларды интернатқа немесе арнайы орталыққа жіберу керек. Жағдайы төмен отбасыдан шыққандар біздің балаларымыз үшін қауіпті. Не үшін олар көшеде емін-еркін жүруі тиіс? Үйінде отырсын. Фильм көрсін. Кітап оқысын. Ата-аналарынан тәрбие алсын,

деді Гүлжайна Даримова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago