Оқиға

Талғар ауруханасында зардап шеккен дәрігерлер туралы жаңа дерек шықты

Талғарда дәрігерлерді марқұмның жақындары соққыға жыққанына қатысты жаңа деректер пайда болды. Зардап шеккен дәрігерлердің әріптесі ақпараттар бұрмаланып жатқанын мәлімдеді. 

Дәрігер Дәурен Нұрсапа оқиғаны өз Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Кеше жігіттерге бардық. Естерін жиыпты. Сол күні таңертең біздің жас мамандар ауысымға енді ғана кіріскен еді. Олар бұған дейінгі науқастың жағдайынан бейхабар еді. Бірақ кейінірек олар марқұмның туыстарына құжаттарды рәсімдеу үшін басқа мамандарды күту керек екенін түсіндірген. Өйткені бұл олардың қызметіне кірмейді. Ереже бойынша құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Бұған дейін айтқанымыздай науқасты туыстары өте ауыр жағдайда әкелді. Алайда БАҚ өкілдеріне «тірі әкелдік, өлі шығарды» деген мәлімдеме жасаған”, – деді әріптесі.  

Айтуынша, дәрігерлер қолынан келгенін жасады, бірақ соңында соққыға ұшыраған. Тіпті бірі реанимацияға түскенін айтты.

“Түсінеміз, жақыныңнан айырылу өте ауыр, бірақ дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Көбісі жас маманымызды әйел деп ойлапты. Ол ешкімге зияны жоқ жас маман. Тіпті ауыр сөз айтып көрген емес. Сонымен бірге анестезиолог Нұрдәулет есінен танып қалды. Оны төрт адам жабылып басынан тепкен. Сол жігіт реанимацияға түсті. Ешкім үшінші қызметкер туралы айтпады. Ол – анестезиолог-дәрігер Сабыржан. Ол бірнеше күн бұрын ғана ішіне ота жасатқан. Дәл ота жасатқан жерінен соққы алды”, – деді ол.

Еске салсақ, Талғар аудандық ауруханасында жанжал шығып, марқұмның туыстары дәрігерлерді ұрып-соққаны хабарланды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago