Categories: Саясат

Төрт жыл өтсе де, пікірім өзгермеді — Шымкенттің экс-әкімі

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің жұмыстан босатылуына себеп болған Лондоннан жасаған атушылы бейнежазбасына түсінік берді. Арада төрт жыл өткеннен кейін осындай мәлімдеме жасауына экс-әкімнің сөзінше, жеке басына қатысты алып-қашпа әңгімелердің әлі күнге дейін азаймауы себеп болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лондондағы жылжымайтын мүлкі туралы тоқталған экс-шенеунік өзінің де, туыстарының да шетелде баспанасы жоқ екенін айтады.

«Осы уақыт ішінде мен блогерлер мен журналистердің көпе-көрінеу жалғандық пен нақақ жалаға құрылған жазбаларына назар аудармауға тырысып келдім. 

Бірақ неғұрлым елемеген сайын, менің абырой-беделіме нұқсан келтіру үшін әдейі өршітілген жалған ақпараттар да өртеңге шыққан көк шөптей соғұрлым қаулап барады. Шамасы, авторсымақтар өтірікті судай сапырған сайын, оған иланатындардың қатары да молая түседі деген принципті мықтап ұстанатын секілді. Сондықтан Лондон сапары туралы айтып, өзіме қатысты күмәнді пікірлерді сейілтетін уақыт келді деп санаймын», – деп жазды Әбдірахымов өзінің Facebook желісіндегі парақшасына.

Ол 2019 жылдың маусым айында мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) шақыруымен Лондонға үш күндік қызметтік іссапарға ұшып келгенін еске алады. Сөзінше, сапардың мақсаты Шымкентте екі кәріз тазарту құрылысын (КОС) салу үшін ЕҚДБ-мен инвестициялар тартуға арналған меморандумға қол қою болған. 

Қалада жұмыс істеп тұрған кәріздік тазарту жүйелерінің қуаты жеткіліксіз болғанын алға тартқан Әбдірахымов мемлекеттік бюджеттен бұл мақсаттарға қаржы бөлінбегенін жазады. Ол бұл келісімнің Шымкенттің дамуы мен оның тұрғындарының әл-ауқаты үшін аса маңызды құжат болғанына назар аударады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago