Categories: Саясат

«Тұтас жүйеге президент қана жауап бермейді»: Әсет Матаев Мәжіліс сайлауына түсетінін мәлімдеді

Журналист Әсет Матаев наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына түспек ниетте екенін мәлімдеді. Ол Алматы қаласындағы бір мандатты №5 сайлау округі бойынша үміткер атанбақ. Бұл туралы ол Facebook парақшасында бөлісті. Айтуынша, жеңіске жеткен жағдайда Парламенттегі дауысы арқылы Алматы тұрғындарының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мүддесін қорғамақшы.

Журналист әкесі Сейітқазы Матаев екеуін Жоғарғы Сот ақтап шығарғаннан кейін өмірі түбегейлі өзгергенін айтты.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Жоғарғы Сот мемлекет атынан бізді заңсыз соттағаны үшін кешірім сұрады. Саяси астары бар осы қылмыстық іс Бас прокуратура қызметкерлерінің мұқият қарауынан кейін жойылып, қазір ол Жоғарғы Сот бюллетенінде негізсіз сотты болып, үкім шығарудың мысалы ретінде жарияланып жүр.

Мен осы сәттен бастап Әділетті Қазақстанның рухын шынайы сезіндім. Мен үшін Әділетті Қазақстан – адам құқығы мен заң үстемдігі бәрінен биік тұратын әділетті мемлекет, әділетті қоғам. Яғни, барлық адамның құқығы заңмен қорғалып, қылмыс аяусыз жазалануы тиіс»,

дейді Матаев.

Айтуынша, соңғы айларда оның атына мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты халықтан көп шағым түсетін болған. Әсіресе, адамдар өңірлердегі және орталық мемлекеттік органдардағы кадрлық шешімдер, коммуналдық салада қордаланған проблемалар мен сыбайлас жемқорлық туралы жиі жазатын көрінеді.

«Мені соңғы кездері өзімнің қаламдас әріптестеріме, яғни тілшілерге қатысты сөз бостандығын шектеп, әділдікті белден басу оқиғаларының көбейіп кеткені қатты алаңдатады. Өйткені, мұндай тауқыметті біздің отбасымыз да талай мәрте басынан кешірген. Сөз бостандығы жолында басымызды бәйгеге тігіп, біраз өмірімізді тәрк еттік. Денсаулығымызға да қандай нұқсан келгені айтпаса да түсінікті.

Қордаланып қалған мәселе шаш етектен. Менің ойымша, кез келген мәселенің соңғы шешімін табуды президенттің мойнына іліп қою дұрыс емес. Шенеуніктер қоғамның өзімен қоян-қолтық араласа жүріп, халықтың талабын бірлесіп шешу жолында алға басуы қажет. Президент институтына құрметпен қарай отырып, мен бір адамның ғана тұтас жүйеге жауап беріп, қордаланған мәселелерді шеше алмайтынына сенімдімін», — дейді Әсет Матаев.

Әсет Матаевтың пікірінше, естуші мемлекеттің проблемаларға назар аударуы үшін бір ғана БАҚ пен әлеуметтік желілер жеткіліксіз. Үкімет пен парламентке жаңа көзқарастағы белсенді адамдар қажет. Мемлекеттік аппарат бюрократия мен қағазбастылыққа көміліп қалды. Шұғыл шешімдер қабылдау былай тұрсын, мойнына жауапкершілік алудан қашатын болды.

«Мені әр өңірдегі жастар өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әріптестерім қолдап отыр. Олар өзгерістер мен дамуды қалайды. Біреулер дамуды сырттан іздеп жүр. Ал мен өз өмірімді қасиетті Отаныммен байланыстырамын. Біздің ұрпақ көптеген мәселені шешіп, Қазақстанды өркениеттің даңғыл жолына бағыттай алады деп сенемін!», — деп түйіндеді Әсет Матаев.

Еске салайық, Сейітқазы Матаев пен оның ҚазТАГ ақпарат агенттігін басқаратын ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталған болатын. Осылайша, Сейітқазы Матаев ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 245-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша, ал Әсет Матаев ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталды.

2016 жылдың қазан айында Сейтқазы Матаев жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеумен және мүлкін тәркілеумен қоса алты жылға сотталса, Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал 2022 жылдың шілдесінде ҚР Жоғарғы Соты журналистерді толық ақтады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

41 минута ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago