Categories: Қоғам

«Тәте, бұл менің әкем емес!»: Алматы облысында куәгерлер баланы қалай құтқарғанын айтып берді

Алматы облысында тұрғындар бала ұрлығының алдын алды. Сөздерінше, белгісіз біреу 8 жасар бүлдіршінді басқа ауылға алып кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәмелетке толмаған қыз Қарғалы ауылындағы музыка мектебіне бара жатқан. Бірақ белгісіз ер адам қызды таксиге отырғызып, Жібек Жолы ауылына алып кетіпті.

Кейін тұрғындардың есігін қағып, Ұзынағаш ауылына жету үшін қызы екеуіне көлік керегін айтқан.

Қыз көзі мөлдіреп қарап тұрды. Ер адамның жанынан кетіп қалғысы келді. Сосын арқамнан құшақтап, «Тәте, бұл менің әкем емес» деді. Әлгі адам балаға тесіліп қарап тұрған. Балаға тиіскен жоқ. Қыздың айтуынша, ол тәтті мен сусын алып берген,

дейді куәгер Күләш Темірбаева.

Ер адам өзін Руслан деп таныстырған әрі мас болыпты. Видеоға түсіріп жатқанын көрген соң жасырынып қалыпты. Көп ұзамай полиция күдіктіні ұстады. Қазір оның не себепті баланы алып кетпек болғанын анықтап жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам кішкентай қызды ұрлап әкетіп, басқа ауылға әкелгені туралы хабарлаған едік. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago