Тәуелсіздік мерекесі тағы да Жаңа жылдың тасасында қалды

Қазақстандықтар желтоқсан басталысымен орталық көшелерге шырша орнатып, жаңа жылдық безендірулерді іліп тастау әдетінен жаңылған жоқ.

Астаналықтар Аяз ата шеруін ұйымдастырып, мәз-мейрам болып, сауда үйлерінің алдына шырша орнатып үлгерген, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Алайда Жаңа жылдың алдында тұтас ел үшін аса маңызды әрі қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні бар еді.

Тәуелсіздік күнінде ұлттық тәрбиеге байланысты батырларымызды көрсететін және мемлекеттік символдарды көбірек насихаттайтын осындай бір шаралар болуы керек деп есептеймін. «Тәуелсіздік күнін қалай атап өтуіміз керек?» деген бағыты мен бағдарын арнайы комиссия құрып па, бір зерделеу керек секілді,

деген ойын ортаға салды осы ретте сенатор Айгүл Қапбарова.

Сондай-ақ қаланың кейбір тұрғыны шыршаны 16 желтоқсаннан кейін қоюға да уақыт жеткілікті екенін алға тартып отыр. Ал жаңа жылдық ойын-сауықты қыздырып жатқандар – жеке кәсіпкерлер. Мысалы, сауда үйінің аумағындағы бір орында 10 күннің ішінде Ресейден жеткізілген 300 шыршаның 15 шақтысы сатылып кеткен. Бағалары 5000 — 12 000 теңге аралығында.

Ал бұған дейін Астана қаласының әкімдігі «жаңа жылға дайындық 16 желтоқсаннан кейін басталады» деген болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago