Categories: Қоғам

Тәжікстан халқы өз бетінше алтын өндіріп, ақша таба бастады

 

Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысында 3,5 мың адам алтын өндіруге лицензия алған. Тәжікстан билігі 2019 жылы жеке тұлғаларға бағалы және қымбат металл мен тастарды өндіруге рұқсат берген еді. 

Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлағандай, қымбат металл мен тастарды өндірген жеке тұлғалар оны міндетті түрде үкіметке және лицензиясы бар кәсіпорынға сатуы тиіс.

Ашт ауданының тұрғыны Отабек Усмонов биыл екінші жыл Зарафшан өзенінен алтын іздеумен айналысады. Ол бағалы металдарды ашық түрде, жерді қазып, оны өзенге жуу арқылы іздейді. Ол бұл жұмысын Ресейге барып ашқа тапқаннан әлдеқайда жақсы дейді.

Алтын іздеуден тәжірибем бар. Қажетті рұқсат құжатын алдым. Бұған дейін Ресейдің Сібірінде осындай жұмыс істеп, күніне 2 мың рубль табатынмын. Ал мұнда 4 грамм алтын тапсаң, 50 доллар көлемінде ақша аласың,

дейді ол.

Соғды облысы әкімшілігі мәліметінше, соңғы бір жарым жылда 3,5 мың адам лицензия алған. Лицензия құны 80 сомони тұрады.

Тәжікстанда Зарафшан, Пяндж, Кофарнихан өзендері мен Таулы Бадахшанда алтын көп.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago