Түрмеде жатқан тәжік адвокаты Бузургмехр Ёров Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның рөліне күмән келтіргені үшін айып бөлмесіне оқшауланды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Оның бауыры, «Бузургмехр» қорының басшысы Жәмшит Ёров 20 қарашада Азаттықтың Тәжік редакциясы — Радио Озодиға оқиғаның Президент күні мерекесінде болғанын, інісінің 15 тәулік айып бөлмесінде жатқанын хабарлаған. Тәжікстанда 16 қараша Тәжікстан президенті күні деп аталады.
Эмомали Рахмонның қоғам мен елдің дамуындағы рөлі туралы Бузургмехр түрме өкілдерімен дауласып қалған. Буругмехрдің сыни ой-пікірлері түрме әкімшілігіне ұнамаған,
деді Жәмшит Еров.
Бузургмехр Ёров 2015 жылы 28 қыркүйекте «жалған құжат жасады» деген айыппен сотталған. Оның алдында Ёров Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өрлеу партиясының тергеуде отырған 14 мүшесінің құқығын қорғауды мойнына алған. Кейін адвокатың үстінен «билік өкілінің ар-ожданына тиді», «сотқа құрмет көрсетпеді», «Тәжікстан президенті – Ұлт көшбасшысына тіл тигізді» деген айыптармен тағы да қылмыстық істер қозғалған. 2016 жылы сот оны 28 жылға соттаған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…