Қоғам

Тәжістанның елордадағы көрме-жәрмеңкесі мерзімінен бұрын аяқталды

Тәжікстанның мәдени күндерін мерекелеу аясында EXPO алаңында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, ұлттық қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесі өтті. Ол өз жұмысын уақытынан бұрын аяқтады. Себебі жеткізілген өнімдер жылдам сатылып кетті, Бұл туралы Астана қала әкімдігі хабарлады.

Екі күн ішінде іс-шараға 100 мыңнан астам адам қатысты.

Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді.

Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына жеткізілген өнімдердің алуан түрі ұсынылды.

Ассортиментте жаңа піскен көкөністер, жемістер және бақша дақылдары сияқты ауыл шаруашылығы тауарлары болды.

Бал, тәттілер, түрлі сусындар да қолжетімді болды.

Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма, тоқылған және соғылған сәндік бұйымдар, сондай-ақ пышақтар мен әлемге әйгілі тәжік атласы және т.б. бар.

Сондай-ақ келушілерге қыш және ұсталардың темірден соққан туындылары, ағаш өңдеу, көркем кескіндеме, тоқу және басқа да ерекше техникаларды қоса алғанда, ұлттық ерекшеліктер көрсетілді.

Жәрмеңкедегі ерекше сәттердің бірі – арнайы концерт ұйымдастырылып, онда Тәжікстан Республикасының шеберлері өнерін паш етті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago