Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қоғамдық орындарда медициналық бетперде тағып жүруді ұсынды.
Қызылша, коронавирус, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында жаңа Қаулы күшіне енді.
Өткен айдың соңғы аптасында елімізде 144 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Ал қызылша жұқтыру дерегі 8%-ке төмендегенімен, Ақтөбе және Атырау облыстарында жағдай әлі тұрақсыз. Тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция бойынша да эпидахуал алаңдатып отыр.
Масканы міндетті түрде кию керек емес. Бұл – біздің ұсынысымыз. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды айтып кетсек, қазір осы қаңтар мен желтоқсанды салыстырғанда сырқаттанушылардың өсімі 2,5 есеге дейін көрініп отыр. Екіншіден, айналымда жүрген штамм – омикрон. Ешқандай жаңа штамм жоқ. Жіті респираторлық, вирустық инфекциялардың өсуі байқалып отыр. Соңғы екі демалыста өсуі 70%-ті құрайды,
деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…